
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Акция барысында қоғамдық аумақтарды тазарту, көгалдандыру және санитарлық жұмыстар атқарылуда. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Тазалық — әрқайсымыздан басталады. Бірге өңірімізді таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз!
Табиғатты қорғау — болашаққа қамқорлық.