Байсерке ауылдық округінің әкімі Тоғызбаев Мұрат Бахитжановичтің 27 наурыз күні №12 орта мектепте өткен есептік кездесуі.

Байсерке ауылдық округінің әкімі Тоғызбаев Мұрат Бахитжановичтің 27 наурыз күні №12 орта мектепте өткен есептік кездесуі.

27 наурыз күні №12 орта мектепте Байсерке ауылдық округінің әкімі Тоғызбаев Мұрат Бахитжановичтің халықпен есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында әкім өткен кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жан-жақты тоқталды, сондай-ақ абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылған жобалар туралы баяндады.

Елді мекендерді дамыту, жол инфрақұрылымын жақсарту, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелерді шешу жолдары белгіленді.

Кездесу соңында әкім округті дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар бақылауға алынатынын жеткізді.