Наурызнама мерекесінің күнтізбесі!

Наурызнама мерекесінің күнтізбесі!

НАУРЫЗНАМА — БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ!

Наурызнама онкүндігі — халқымыздың бай мұрасы мен салт-дәстүрін жаңғыртатын айрықша уақыт. Бұл күндері адамдар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, мейірім мен татулықты дәріптейді. Әр күннің өзіндік мәні бар, ол ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндейді.

Наурызнама күндері:
14 наурыз — Көрісу күні
15 наурыз — Қайырымдылық күні
16 наурыз — Дәстүр мен мәдениет күні
17 наурыз — Шаңырақ және отбасы күні
18 наурыз — Ұлттық киім күні
19 наурыз — Жаңару күні
20 наурыз — Ұлттық ойындар күні
21 наурыз — Бірлік пен ынтымақ күні
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы
23 наурыз — Тазалық күні

Наурыз — көктемнің келуімен бірге жаңа үміт пен игіліктің бастауы. Әр шаңыраққа шаттық, денсаулық, береке және молшылық тілейміз!