
2026 жылғы 6 наурызда Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Байсерке ауылдық округінің әкімі М. Тогузбаев қатысып, жиналған қауымды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен ел дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Мерекелік жиын барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген кәсіпкерлер, ұстаздар, медицина қызметкерлері мен белсенді ауыл тұрғындары округ әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!