Көктерек ауылындағы су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары

Көктерек ауылындағы су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары

2025 жыл 3 маусымда Байсерке ауылдық округінің әкімі М.Тогузбаев Көктерек ауылына арнайы барып, су құбыры тарту жұмыстарының орындалу барысын көзбен көріп, бақылау жүргізді. Әкім жобалық-сметалық құжаттамаға (ПСД) сай жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасына, мерзімі мен талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударды.

Сапар барысында ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бұл маңызды жоба ауылдың тұрмыстық жағдайын арттыруға ықпал етпек.

🔹 Аталған жоба Байсерке ауылдық округі әкімінің жеке бақылауында екенін атап өткен жөн. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуы – басты басымдықтардың бірі.