Ономастика

Ономастика

Көктерек ауылы тұрғындары 28 кварталға – «Ақтоған», 29 кварталға – «Шаттық», 30 кварталға – «Береке» атауларын беруді қолдады

          Көктерек ауылында елді мекендерді атаумен жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиында 28, 29 және 30-шы кварталдарға жаңа атаулар беру мәселесі қаралды.

          Жиын барысында қатысушылар 28-ші кварталға – «Ақтоған», 29-шы кварталға – «Шаттық», ал 30-шы кварталға – «Береке» атауларын беру туралы ұсынысты ортаға салды. Тұрғындар бұл атаулардың мағынасы терең, ұлттық рухты және ауылдың тыныс-тіршілігін айқындайтын символға айналатынын атап өтті.

          Ұсыныс ауыл тұрғындары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, тиісті хаттама толтырылды. Енді бұл құжат негізінде квартал атауларын бекіту туралы ұсыныс жауапты органдарға жолданатын болады.

          Аталған бастама — жергілікті жердің төл тарихын, мәдениетін және болашаққа деген үмітін бейнелейтін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.