Ащыбұлақ ауылдық округінде бокстан ашық турнир өтті Ащыбұлақ ауылдық округінде округ әкімінің жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық турнир, округ әкімдігі мен “Ащыбұлақ ауылдық округіне” еңбегі сіңген жаттықтырушы, ардагер ұстаз Наурызов Рүстем Дүйсенұлының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.

Ащыбұлақ ауылдық округінде бокстан ашық турнир өтті

Ащыбұлақ ауылдық округінде округ әкімінің жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық турнир, округ әкімдігі мен “Ащыбұлақ ауылдық округіне” еңбегі сіңген жаттықтырушы, ардагер ұстаз Наурызов Рүстем Дүйсенұлының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.

Аталған жарысқа:
Өзбекстан Республикасынан – 12 жасөспірім
Қарасай ауданынан – 47 жасөспірім
Жамбыл ауданынан – 25 жасөспірім
Кеген ауданынан – 6 жасөспірім
Іле спорт мектебінен – 22 жасөспірім
Іле ауданынан – 72 жасөспірім
Алматы қаласы Қарасай спорт мектебінен – 25 жасөспірім

Жалпы саны 209 жасөспірім қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Іле ауданы (11 жеңімпаз І орын)
ІІ орын – Қарасай ауданы (10 жеңімпаз І орын)
ІІІ орын – Алматы қаласы Қарасай спорт клубы (7 жеңімпаз І орын)
IV орын – Іле спорт клубы (6 жеңімпаз І орын)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер округ әкімінің Кубогымен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.