
«Бір әулет – бір тәрбие» Ене, келін, абысын үйлесімі.
Ащыбұлақ ауылдық округінде Аналар кеңесі мен әкімдіктің ұйымдастыруымен тағылымы терең, тәрбиелік маңызы зор іс-шара өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ене мен келін, абысындар арасындағы сыйластық пен татулықты насихаттау, ұрпаққа өнеге боларлық үлгі көрсету.
Сайыс барысында қатысушы әулеттер өз өнерлері мен бірліктерін танытып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір отбасы – өнегесімен, тәрбиесімен көпке үлгі бола білді.
Іс-шараға белсене қатысқан барлық отбасыларға алғыс білдіреміз!
Жүлделі орын алған әулеттерді шын жүректен құттықтаймыз!