
Ащыбұлақ ауылдық округінде ағаш отырғызу акциясы өтті.
Аталған игі іс-шараның негізгі мақсаты – округ аумағын көркейту және көгалдандыру.Акция аясында 250-ге жуық ағаш отырғызылды.
Іс-шараға округ тұрғындары, аналар кеңесі мүшелері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, әскери бөлім сарбаздары ауыл белсенділері қатысып ортақ іске өз үлестерін қосты.
Алдағы уақытта да округ аумағын көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.