Ащыбұлақ ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып, жоғары деңгейде дүркіреп өтті

Ащыбұлақ ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып, жоғары деңгейде дүркіреп өтті

Ащыбұлақ ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып, жоғары деңгейде дүркіреп өтті.

Мерекелік іс-шара ауыл тұрғындары мен қонақтардың басын қосып, береке мен бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Орталық стадионда өткен думанды кеште ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүріміз кеңінен насихатталды.

Шара барысында театрландырылған қойылымдар қойылып, әсем ән мен күмбірлеген күй көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, өнер жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін паш етіп, мерекенің көркін қыздырды.

Ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз ептілігі мен шеберлігін көрсетті. Ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін ақ дастархан жайылып, Наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Ерекше форматта өткен «Бауырсақ party» көпшіліктің көңілінен шығып, мерекеге өзгеше сән берді.
Округтегі бұл айтулы мереке ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухты асқақтатқан тағылымды шара ретінде есте қалды.