
АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округінде бір күнде екі дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.
Жаңа медициналық нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Көкқайнар ауылында және «Береке» саяжай-кооперативінде салынды.
Көкқайнар ауылындағы амбулатория ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған. Ал «Береке» саяжай-кооперативіндегі амбулатория жақын маңдағы бірнеше саяжай тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Жаңа нысандардың ашылуы Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Береке», «Күншуақ», «Жеңістау», «Нариман» және «Жарқын Жастар» саяжайлары тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттырды.