1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ащыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай  Ащыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ащыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелі күн – ел бірлігі мен ынтымағын, өзара құрмет пен сыйластықты айшықтайтын ерекше күн. Іс-шара барысында қоғам дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, татулық пен келісімнің маңызы кеңінен насихатталды. Алғыс айту күні – өткенге тағзым жасап, бүгінге шүкір айтып, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін тағылымы мол мереке.