
15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл. Тарих бетінде өшпес із қалдырған күн. Бұл күн — ерлік пен елдік сыналған, батылдық пен борыш қатар жүрген кезеңді еске алу күні. Соғыстың ащы дәмін татқан жауынгерлердің ерлігі — ел жадында, ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады. Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды құрметпен еске алып, ардагерлерге тағзым етеміз.
🕊️ Ерлік — ұмытылмайды. Естелік — мәңгі.