
📌Іле ауданында «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті
🔹«AMANAT» партиясының бастамасымен Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында өткізілді.
🔹Экоакция барысында ауылдағы орталық алаң мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш аумағы тазаланды. Тазалық жұмыстарына ауылдық округ әкімдігі өкілдері, мәслихат депутаттары, Аналар кеңесінің мүшелері, жастар, ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысып, барлығы 80-ге жуық адам жұмылдырылды.
🔹Қатысушылар аумақты қардан тазартып, ұсақ қоқыс қалдықтарын жинады, жаяу жүргінші жолдарын ретке келтіріп, қоғамдық орындардың кіреберіс бөліктерін ашты. Нәтижесінде шамамен 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
🔹Мұндай тазалық шаралары тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етуде.