Төле би ауылы 2025 жылғы 30 маусым
сағат 16-30
Төрағалық етуші Б.Қасымбеков
Хатшы А.Нильдибаева
Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелері- 25 , ауыл тұрғындары - 5 адам (тізім бойынша)
Күн тәртібінде:
Төле би ауылына қарасты «Набережная» көшесін «Киелібұлақ» көшесіне қайта атау беру туралы түскен ұсынысты қарау.
Тыңдалды:
Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Қасымбеков сөз сөйлеп, жиналған көше тұрғындарына Төле би ауылына қарасты идеологиялық тұрғыдан ескірген «Набережная» көшесін «Киелібұлақ» көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныс түскенін хабардар етті. Жалпы ұсынылып отырған атауға этимологиялық түсініктеме берілді. Төле би ауылының ескірген көше атауын төмендегідей қайта атауды ұсынды.
Жиналыс төрағасы-Б.Қасымбеков. Аталған көшені дауысқа салуды ұсынды.
Қарсы болғандар-жоқ
Қалыс қалғандар – 1
Жиынға қатысқандар келісе отырып
Шешім қабылдады.
1.Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылына қарасты идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын қайта атау беру туралы ұсыныс бір ауыздан мақұлдансын.
2.Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылына қарасты идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын қайта атау беру мақсатында ауылдық округ әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалақы есеп-қисап т.б) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.
Төрағасы Б.Қасымбеков
Хатшы А.Нильдибаева