Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылына қарасты «Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, «Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне қайта атау беру туралы тұрғындарымен өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысының № 1 хаттамасы

Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылына қарасты «Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, «Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне  қайта атау беру туралы тұрғындарымен өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысының  № 1 хаттамасы

М.Түймебаев ауылы                                                     2025 жылғы 30 маусым

                                                                                           сағат 14-30

 

Төрағалық етуші                                                            Б.Қасымбеков

Хатшы                                                                               А.Нильдибаева

 

Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелері- 25 , ауыл тұрғындары, барлығы 15 адам (тізім бойынша)

 

Күн тәртібінде:

 

М.Түймебаев ауылына қарасты «Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, «Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне қайта атау беру туралы түскен ұсынысты қарау.

 

                                              Тыңдалды:

 

Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Қасымбеков сөз сөйлеп, жиналған көше тұрғындарына М.Түймебаев ауылына қарасты идеологиялық тұрғыдан ескірген «Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, «Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне қайта атау беру туралы ұсыныс түскенін хабардар етті. Жалпы ұсынылып отырған атауларға этимологиялық түсініктеме берілді. М.Түймебаев ауылының ескірген көше атауларын төмендегідей қайта атауды ұсынды.  

«Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне.

Сөйлегендер:

 Ауыл тұрғыны Г.Кулымбаева- аналар кеңесінің төрайымы. Құрметті ауыл тұрғындары! «Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, «Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне қайта атау беру өте орынды мәселе. Ауылымыздағы ескірген атаумен аталатын көшелер халық қалауымен қазақшалану мәселесі біртіндеп шешімін табуда сонымен қатар жаңа мәнге ие атаулардың айтылуы жеңіл, құлаққа жағымды естілетіні қуантады.

Ауыл тұрғыны Е.Оналбаев- жергілікті қоғамдастың кеңес төрағасы. «Озерная» көшесін «Балқаш» көшесіне, «Первомайский» көшесін «Бурабай» көшесіне қайта атау беру өте орынды мәселе, себебі бұл атаулар еліміздің табиғи және тарихи ерекшеліктерін айқындай түсіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.  Ұсынылған көше атауларын мақұлдап, келісетінін айтты.

 

Жиналыс төрағасы-Б.Қасымбеков. Басқа ұсыныстар болмағандықтан дауысқа салуды ұсынды.  

 Қарсы болғандар-жоқ

 Қалыс қалғандар – жоқ

 

Жиынға қатысқандар келісе отырып

 

Шешім қабылдады.

 

  1. Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты М.Түймебаев ауылына қарасты идеологиялық тұрғыдан ескіркен көше атауларын қайта атау беру туралы ұсыныс бір ауыздан мақұлдансын.
  2. Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты М.Түймебаев ауылына қарасты идеологиялық тұрғыдан ескіркен көше атауларын қайта атау беру мақсатында ауылдық округ әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалақы есеп-қисап т.б) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

 

 

            Төрағасы                 Б.Қасымбеков

 

             Хатшы                      А.Нильдибаева