Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты М.Түймебаев, Көкқайнар, Төле би ауылдарындағы идеологиялық тұрғыдан ескерген көше атауларын жаңа атаулармен қайта атау туралы мәселесі бойынша төмендегі кестеге сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні жөніндегі хабарлаймыз.
Елді мекен атауы
|
Өтетін күні, уақыты
|
Өтетін орны
|
М.Түймебаев ауылы
|
30.06.2025 ж., сағат 14.30
|
№ 19 орта мектептің мәжіліс залы
|
Көкқайнар ауылы
|
30.06.2025 ж., сағат 15.30
|
№ 29 орта мектептің мәжіліс залы
|
Төле би ауылы
|
30.06.2025 ж., сағат 16.30
|
№ 37 орта мектептің мәжіліс залы
|
Ащыбұлақ ауылдық округінде ескерген көше атауларын жаңа атаулармен қайта атау туралы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Балқаш— Қазақстан Республикасының географиялық атау жүйесінде ерекше маңызға ие тарихи әрі табиғи атау. Ол еліміздің ең ірі көлдерінің бірі — Балқаш көліне байланысты қалыптасқан. Бұл атау тек географиялық нысан емес, сонымен қатар тарихи, мәдени, экологиялық мәні зор символға айналған.
- Бақанас— Қазақстанның Жетісу өңірінде орналасқан көне жер-су атауы. Бұл атау Алматы облысы Балқаш ауданындағы Бақанас ауылына, сонымен қатар Іле өзенінің сағасына қатысты қолданылып келеді. Бақанас ауылы – Балқаш көліне құятын негізгі өзен – Іле өзенінің төменгі бойындағы ең ірі елді мекендердің бірі.
- Бурабай— Қазақстандағы табиғаты көркем, тарихи және туристік маңызы зор өңірдің атауы. Бұл атау Ақмола облысындағы Бурабай ауданына, сондай-ақ Бурабай курортты аймағына және Бурабай көліне тікелей қатысты. Бұл жер — Көкшетау ұлттық паркіне кіретін, орман-тоғайы, таулары, көлдері мен аңыздары арқылы кеңінен танымал мекен.
- Ордабасы— Қазақстан тарихында ерекше маңызы бар жер атауы. Бұл атау Түркістан облысы Ордабасы ауданында орналасқан тарихи төбемен және осы өңірде орын алған тарихи оқиғалармен тікелей байланысты. Ордабасы – XVIII ғасырдың басында жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының бірлік пен ерлік танытқан қасиетті мекені.
- Хантау— Қазақстанның Жамбыл және Алматы облыстары аралығында орналасқан таулы өңірдің атауы. Сонымен қатар, Жамбыл облысының аумағында Хантау ауылдық округі бар. Бұл атау географиялық, тарихи, және мәдени тұрғыда маңызы бар жер-су атауы саналады.
- Жерұйық– қазақ халқының фольклорында ерекше орын алатын атау, бұл сөздің географиялық, мифологиялық, және мәдени мәні бар. «Жерұйық» – қиял-ғажайып жер ретінде сипатталады, ол құнарлы, бай, адамдар мен табиғат үшін жайлы мекен болып табылады. Атаудың негізінде жатқан ұғым — адамдар мен табиғат арасындағы үйлесімділік пен өңірдің байлығы туралы түсінік.
- Омбы— түркі тілдерінде "көпір" немесе "жолдың өткелі" деген мағынада қолданылады. Бұл өзеннің жағасында орналасқан елді мекендердің дамуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, омбы сөзі ежелгі қазақ тілінде өзеннің өткеліне не көпір аймағына қатысты қолданылған болуы мүмкін.
- Киелібұлақ— қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алған жер-су атауы. Бұл атау — «киелі» және «бұлақ» деген екі сөзден құралған және көбіне табиғатпен тығыз байланысты, қасиетті деп саналатын орындарды сипаттайды.
Көшелер тізімі
Озерная -Балқаш
Совхозная - Бақанас
Первомайский - Бурабай
Новобережная - Ордабасы
Молодежная - Хантау
Цветочная - Жерұйық
Банная - Омбы
Набережная - Киелібұлақ