Ағымдағы жылдың 1 тамызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау гарнизонының бұрынғы әскери қызметшісіне жас қызын зорлағаны бойынша үкім шығарды.
Соттың үкімімен бұрынғы-әскери қызметші ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігінде (жас баланы зорлау), 121-бабының 4-бөлігінде (жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 124-бабының 3-бөлігінде (жас баланы азғындық жолға түсіру) көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төтенше мекемесінде ұстаумен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сондай-ақ, үкімде С-ке қатысты химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеуді қолдану ұйғарылған.
Әскери қызмет кезінде ер адам өзінің 11 жасар қызының дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны анықталды.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген.
Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушының жасаған іс-әрекеттерінің ауырлығын ескере отырып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажеттілігі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бас әскери прокуратура