Алматы гарнизонының әскери соты әскери қызметші А.И.Жұманның қару қолданумен билікті асыра пайдаланып кәмелетке толмаған Айкоркем Мелдеханның өліміне әкеп соқтырғаны туралы (ҚР ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) қылмыстық істі қарауды бастады. Сот отырысы 26 шілдеге жоспарланған.
Процестің өзі Іс материалдарында жарияға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтеді.
Қорғану тарапы да, жәбірленуші тарап та тиісті заң көмегімен қамтамасыз етілген, қорғаушылары бар. Қылмыстық процеске қатысушылардың арызы бойынша оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімделген.
Сондай-ақ, қайтыс болған кәмелетке толмаған Айкоркем Мелдеханның әкесі Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет ұсынылды. Алайда, Айдос Мелдехан рұқсат жасаудан бас тартты. Оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тартудың салдары ескертілді.
Айыптау Жұманның іс-әрекетінің заңсыздығын растайтын қылмыстық іс материалдарына тіркелген (куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және басқа да дәлелдемелер) дәлелдермен қатаң негізделеді.
Қазіргі уақытта басты сот талқылауы тағайындалды, оның барысында барлық жиналған дәлелдемелер зерттеліп, баға беріледі.
Сот талқылауының барысы туралы жұртшылық жария етуге рұқсат етілген көлемде хабардар етілетін болады. Осыған байланысты тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.
Қылмыстық істі қарау барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында.
Бас әскери прокуратура