Әскери прокурорлар шақыруды материалдық қамтамасыз ету мәселелерінде заң бұзушылықтарды анықтады

Әскери прокурорлар шақыруды материалдық қамтамасыз ету мәселелерінде заң бұзушылықтарды анықтады

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-ін тексеру барысында азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.

Азық-түлік бағасын есептеу кезінде негізсіз арттыру, конкурс құжаттамасында қажетті ақпараттың болмауы, әртүрлі медициналық тауарлардың бір лотқа біріктірілуі және т.б. анықталды.

Гарнизон прокуратурасының қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 52 млн теңгені құрайтын үш конкурстың нәтижелері заңсыз деп танылып, күшін жойды.

Заң талаптарына сай жаңа конкурс рәсімдерін өткізу қамтамасыз етілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП