Әскери прокурорлармен Қорғаныс министрлігінің бірқатар әскери бөлімдері басшылығының мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметшілердің еңбек құқықтарын бұзғаны анықталды.
Еңбек кодексінің 76-бабы 4-тармағына сәйкес, жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жұмыскерді оның жазбаша келісімінсіз түнгі уақытта жұмысқа тартуға құқылы емес.
Алайда, аталған санаттағы 205 әскери қызметші жазбаша келісімінсіз түнгі қызметке тартылған.
Бас әскери прокуратураның қадағалау актісі негізінде әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді, түнгі уақыттағы қызмет заң талаптарына сәйкестендірілді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Әскери прокуратура органдары әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Бас әскери прокуратура