Қаржылық қолдау аясында әскери медицина қызметкелер құқықтарын қорғау

Қаржылық қолдау аясында әскери медицина қызметкелер құқықтарын қорғау

Пандемия басталғалы бері еліміздің барлық медицина қызметкерлері, оның ішінде Қарулы Күшерінің медиктері де, эпидемияға қарсы шараларына қатыстырылған.

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдау көрсетілген. Алайда, онда әскери медицина қызметкерлері ескерілмей қалған.

Аталған жағдай әскери медицина құрамы арасында наразылық тудырған, өйткені олар да басқа медицина қызметкерлерімен қатар пандемия кезінде азаматтардың өмірі үшін қатар күрескен.

Бас әскери прокуратураның араласуынан кейін Үкіметтің атына Денсаулық сақтау министрліктің ведомстволық бұйрықтарына қаржылық төлемдер алушылар қатарына әскери медиктерді қосу туралы хат жолданған болатын.

Қазіргі кезде Министрлікпен тиісті өзгерістер енгізіліп, әскери медицина қызметкерлеріне қажетті қаржылық қолдау көрсетілуде.

 

Бас әскери прокуратурасы