Астанада заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелері талқыланды

Астанада заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелері талқыланды

25 қаңтарда Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділовтің төрағалығымен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Ақмола гарнизонының әскери басқарма және қылмысты қудалау органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті. Күн тәртібі бойынша заңдылықтың, құқықтық және әскери тәртіптің жай-күйі мәселелері талқыланды.

Мәжіліс барысында құқықтық және әскери тәртіптің жай-күйі жайында гарнизон әскери прокуроры Жұмаділов және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы – Ақмола гарнизонының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев баяндама жасады.

Жеке командирлер мен әскери мекем басшыларының есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша гарнизондағы криминогендік жағдайды жақсарту бойынша нақты бағыттар анықталды.

 

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы