Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Документы
Деятельность
О прокуратуре
gov@nitec.kz

В Астане прошла церемония вручения Общественной премии имени Ю.А. Хитрина

В Астане прошла церемония вручения Общественной премии имени Ю.А. Хитрина

24 тамызда Бас прокуратурада алғашқы рет әділет генерал-лейтенанты Юрий Александрович Хитриннің атындағы Қоғамдық сыйлықты тапсыру салтанаты өтті. Аталған сыйлық Бас әскери прокуратураның қолдауымен «Әскери заңгерлер Альянсы» қоғамдық ұйымымен тағайындалған.

Сыйлықты табыс ету салтанатына орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, әскери ведомстволар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Аталған Сыйлықты тағайындау бірінші Бас әскери прокурор Юрий Александрович Хитриннің туылған күніне орайластырылған.

Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың айтуы бойынша Хитриннің атындағы Сыйлықты табыстаудағы басты міндет әскери құқықты дамыту саласындағы жетістіктерін қоғамның мойындауы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы заңдылықты, әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

Сыйлықты табыс ету салтанатынан алдын Юрия Александрович Хитрин туралы деректі фильм көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы Иоган Меркель бес бағыттағы 21 номинация бойынша Қоғамдық сыйлықты табыс ете тұрып, Юрий Александровичтің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі екендігін, талантты заңгер-практик болғандығын атап өтті. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы барысында, оның құқық қорғау жүйесінің қалыптасуының қайнар көзі болып, кейіннен Бас әскери және Бас прокуратураларды басқарғандығын айтты.

Сыйлықты табыс ету конкурсы мүдделі мемлекеттік органдармен өткізіліп, ал конкурсқа қатысушылардың арасындағы үздіктерін ведомствоаралық комиссия анықтады.

Сыйлықты жыл сайын осы күні беру жоспарланған.

 

Бас әскери прокуратура

Дата публикации
17 августа 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК