Бас әскери прокуратураның шаралары негізінде кәсіпорын қызметкерлеріне берешегі өтелді

Бас әскери прокуратураның шаралары негізінде кәсіпорын қызметкерлеріне берешегі өтелді

Жұмыс берушінің кінәсінен, 2021 жылдан бері «Әскери құрылыс Астана» ЖШС 3839 қызметкерлеріне төленбеген 270 миллион теңгеден астам жалақы берешегі пайда болды.

Ұзақ уақыт бойы жұмысшылар өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін мемлекеттік органдардың табалдырығын аттауға мәжбүр болды, бірақ мәселе шешімін таппады.  

Оны шешуге атсалысқан Бас әскери прокуратура 4 уәкілетті органдарының (Қорғаныс және әділет министрлігі, еңбек инспекциясы және қазынашылық) өкілдерінен жұмыс тобын құрды.

Прокурорлық қадағалау актілері жасалып, қарыздарды өтеуге қаражат көздері анықталды.

Мысалы, басқа жеткізушілермен жасалған келісім-шарттар бойынша «Әскері құрылыс Астана» ЖШС 300 миллион теңгеден астам сомасын тәркілеуге мүмкіндік туды, бұл оларды сақтауға және бірінші кезектегі борышкерлер алдындағы қарыздарын өтеуге қайта бағыттауға мүмкіндік берді, яғни қызметкерлердің өтемақы төлемдері үшін.

Осылайша, БӘП шараларымен 3839 қызметкерге 272 млн. теңге көлемінде жалақы берешегін төледі.

Сондай-ақ, қабылданған шаралармен жоғарыда аталған ЖШС бұрынғы қызметкерлеріне жұмысынан айырылуына байланысты 131 млн. теңге көлемінде өтемақы төлемдері төленді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жалақы бойынша берешек жоқ.

 

Бас әскери прокуратура