Бас әскери прокуратурада ағымдағы жылдың қадағалау жұмыстарына қорытынды шығарылды

Бас әскери прокуратурада ағымдағы жылдың қадағалау жұмыстарына қорытынды шығарылды

23 желтоқсанда Бас әскери прокурор Дастан Секеновтың төрағалығымен әскери прокуратураның 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Алқа аймақтар мен гарнизондардың әскери прокурорларының есептерін тыңдап, қол жеткізілген оң нәтижелерді атап өтті.

Атап айтқанда, 2022-2024 жылдарға арналған Әскерлерде құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың 4,2%-ға төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде 30%-ға аса ауыр қылмыстық, 3,1%-ға орташа ауырлықтағы, 24% теріс қылықтар азайды.

Бас әскери прокуратураның бастамасымен және үйлестіруімен тәрбиеші офицерлердің Кешенді жоспары 50%-ға қысқартылды, олардың есеп беруі 25%-ға қысқартылды, бұл жеке құраммен тікелей жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Әскери бөлімдерді бейнебақылау жүйесімен жабдықтауды реттейтін барлығына бірдей құжат әзірленіп, қабылданды.

Бас әскери прокуратураның «Зорлық-зомбылықсыз армия» жобасын іске асыру шеңберінде Еуразия ұлттық университетінің сарапшылары 5573 әскери бөлімінің базасында психологиялық тесттерді қайта қарап, командирлерге жеке құраммен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Еуразия ұлттық университетінің базасында Шекара қызметінің 30 психологын даярлау курстары ұйымдастырылып, өткізілді.   

Қадағалау актілері бойынша қоғамдық мүддені қорғау саласында бюджетке 750 миллион теңге өтелді, мемлекетке 1,5 миллиард теңге шығынның алдын алды.  

Бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында орындалмаған шарттар бойынша 5,5 млрд. теңге аванстық төлем мен өсімпұлды сот тәртібімен өндіру қамтамасыз етілді. Мемлекетке 6,7 млрд. теңгенің активтері қайтарылды. «Қазарнаулыэкспорт» РМК-да 800 миллион теңгеден астам ұрланғаны анықталды, қылмыстық іс тергелуде.  

100-ден астам кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды, наразылық енгізумен Өнеркәсіп министрлігіндегі кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз тексерулер мен талаптар жойылды.  

Заңсыз құқықтық актілердің күшін жою арқылы әскери полиция мен СЭС-тің кәсіпкерлік қызметке араласу фактілерінің жолы кесілді.

Прокурорлық қадағалау шараларымен «Әскери Құрылыс» ЖШС-нің 3839 қызметкеріне 272 млн. теңге жалақы және 154 кәсіпкерлік субъектісіне келісім-шарт бойынша 900 млн. теңге берешегін өтеу арқылы құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, кейбір әскери прокурорлардың жұмысты ұйымдастырудағы жекелеген олқылықтар қарастырылып, оларға тиісті тапсырмалар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Алқа алдағы кезеңге арналған қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша басым міндеттерді белгіледі.

 

Бас әскери прокуратура