БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

Алматы гарнизонының әскери сотымен кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соққан билікті асыра пайдаланды (ҚР ҚК 1-тармағының 451-бабы 2-бөлігі) деген айыппен әскери қызметші А.И.Жұманға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Сот процесі іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтуде.

Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі - Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауынан сот процесіне жіберілмейтінін айтты.

Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет, оның ішінде а.ж. 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты.

Бұл туралы қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған арызы куәландырады.

Мемлекеттік құпиялары бар барлық қылмыстық істер бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті талап болып табылатынын айтып өткеніміз жөн.        

Бұл ретте, адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға а.ж. сәуір және маусым  айларында мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалдарына рұқсат берілді.

Жәбірленушілердің құқықтарының сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз.           

Сонымен қатар, көрінеу жалған мәліметтерді тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын түсіндіреміз.      

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

 

Бейнемәлімдемені сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/d3D6OgJ3TFA

 

Бас әскери прокуратура