Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар гарнизонының әскери прокуроры болып әділет полковнигі Б.Қ. Досанов тағайындалды.
Бақытжан Досанов Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2001-жылы бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2003-жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласы прокурорының көмекшісінен бастаған.
2008-2010-жылдары Атырау облысы, Атырау қаласы және Атырау табиғатты қорғау прокуратураларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2010-жылдан бастап 2019-жылға дейін Павлодар қаласы мен Павлодар облысының прокуратураларында әртүрлі лауазымдарды атқарған.
2019-жылының ақпанында әскери прокуратура органдарына қызметке ауысып, соңғы уақытта Бас әскери прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы болған.
Бірнеше рет ведомстволық наградалармен марапатталған.
Бкас әскери прокуратурасы