Әскери мүліктің ұрланғаны анықталды

Әскери мүліктің ұрланғаны анықталды

Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр.

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн. теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

 

Бас әскери прокуратурасы