Әскери прокурордың әскер қатарындағы жас толықтырумен кездесуі

Әскери прокурордың әскер қатарындағы жас толықтырумен кездесуі

Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі С. Б. Төреханов Ақмола гарнизонының мерзімді әскери қызметшілерімен кездесті.

Кездесу барысында әскери прокурор әскери қызметшілермен әңгіме жүргізіп, қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіріп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 Сонымен қатар, әскери қызметшілерге әскери бөлімнің ішінде ілініп тұрған сенім телефонына хабарласуға немесе әскери бөлімдерде орнатылған «шағымдарға арналған жәшікке» өз өтініштерін қалдыруға болатындығы жөнінде ақпараттандырылды.