Балқаш қаласындағы оқ жарақатын тергеу туралы

Балқаш қаласындағы оқ жарақатын тергеу туралы

Бұған дейін БАҚ-та Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшқаны туралы хабарлама жарияланған болатын.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр.

Оның күдікті әріптесі 2022 жылы 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Азаматтарды, БАҚ және әлеуметтік желі қолданушыларын ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

 

Бас әскери прокуратура