7 мамыр қарсаңында прокуратура қызметкерлерінің балалары әскери бөлімге барды

7 мамыр қарсаңында прокуратура қызметкерлерінің балалары әскери бөлімге барды

2022 жылғы 23 сәуір, Нұр-сұлтан қаласы.

Бұл акция өскелең жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында өткізілді және Отан қорғаушылар күніне орайластырылды.

68665 Десанттық-шабуылдау әскерлерінің астаналық әскери бөлімі базасында өткен экскурсияға Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ олардың балалары қатысты.

Іс-шара барысында қолбасшылық әскери бөлімнің құрылуы мен мақсаты туралы ақпарат берді, әртүрлі жылдары Кеңес және Қазақстан армияларының қарулануында болған әскери техника мен авиацияның әртүрлі үлгілерінің мұражай экспонаттарын көрсетті.

Сондай-ақ заманауи қару-жарақ пен киім-кешек, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен тұрмысы көрсетілді.

Әрине, балалардың әскери бөлімге сапары олардың жағымды және жарқын эмоцияларын тудырды.

Экскурсия соңында Бас прокуратура өкілдері қолбасшылыққа балаларға әскери тарихқа қол тигізуге, еліміздің Қарулы Күштері туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

 

Бас әскери прокуратурасы