Бас әскери прокуратурада қылмыстық процестің үш буынды моделінің бірінші кезеңін іске асыру талқыланды

Бас әскери прокуратурада қылмыстық процестің үш буынды моделінің бірінші кезеңін іске асыру талқыланды

2021 жылғы 24 желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы.

Семинар жұмысына Бас әскери прокуратураның жеке құрамы және гарнизондардағы бейне байланыс бойынша әскери прокурорлар қатысты.

Отырысты ашқан Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Дастан Секенов әскери прокуратура органдары мен қылмыстық қудалаудың әскери органдары жаңа үлгіге сәтті бейімделгенін атап өтті. Келесі жылдан бастап реформаның екінші кезеңі - прокурорлардың айыптау актісін дербес жасауы іске асырылатын болады. Осылайша, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуде прокурорлардың жауапкершілігі артады. Бұл өкілеттіктер қылмыстық істердің санаттары бойынша кезең-кезеңімен енгізілетін болады. 2022 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар бойынша, 2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық бойынша, ал 2024 жылдан бастап істердің барлық қалған санаттары бойынша. Іс бойынша қорытынды құжат – тергеудің аяқталғаны туралы есеп енгізіледі. Оны тергеуші құрастырып, прокурорға жібереді.

Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Бупежанов баяндама жасап, жаңа модельді іске асыру кезінде қойылатын талаптарды атап өтті.

Спикер сондай-ақ, прокурордың қылмыстық істің барлық материалдарын білуі заңды және негізделген айыптау актісін жасауға ықпал ететінін атап өтті, осыған байланысты әріптестерін дәлелдемелік базаға, әсіресе күрделі және көп эпизодты істер бойынша ену үшін оны сотқа дейінгі тергеу сатысында қалыптастыруға кірісуге шақырды.

Семинарды аяқтай отырып, Дастан Секенов күрделі қылмыстық істердің макеттері бойынша қорытынды құжаттарды іс жүзінде жасай отырып, алдағы кезеңде осындай семинарларды өткізу туралы жеткізді.

 

Бас әскери прокуратура