Бас әскери прокуратурада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдерімен кеңес өтті

Бас әскери прокуратурада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдерімен кеңес өтті

2021 жылғы 24 желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы.
Күн тәртібіне қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттардың енуін болдырмау мәселесі шығарылды.
Бас әскери прокурордың төрағалық етуші орынбасары Сәкен Ермекбаев қатысушылардың назарын профилактикалық шаралардың жеткіліксіздігіне аударды.
Бас бостандығынан айыру орындарына есірткі заттары мен құрамында спирт бар сұйықтықтарды енгізу әрекеттерінің өсуі көрсетілген.
Бұл ретте еліміздің Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан колониялар көш бастап тұр.
Сәкен Ермекбаев тыйым салынған заттарды алып өтудің негізгі арнасы бөгеттер арқылы өту болып табылатынын, олардың саны соңғы 5 жылда 35 есеге артқанын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның басшылығына Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, бас бостандығынан айыру орындарында тыйым салынған заттардың заңсыз айналымының жолын кесу жөнінде нақты шаралар қабылдай отырып, жұмысты ұйымдастырудағы әдістерді қайта қарау ұсынылды.


Бас әскери прокуратура