В Главной военной прокуратуре к 30-летию проведен круглый стол

В Главной военной прокуратуре к 30-летию проведен круглый стол

24 желтоқсан 2021 жылғы, Нұр-сұлтан қаласы                  Бас әскери прокуратура, ІІМ, ҰҚК, Қорғаныс Министрлігі және Әскери сот өкілдерінің қатысуымен әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді.

Отырысты ашқан Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Дастан Секенов әскери прокуратура органдарының қалыптасуы мен даму тарихындағы негізгі кезеңдерге назар аударды.

Атап айтқанда, ел басшылығының әскери прокуратура жүйесінің кадрлық, материалдық және басқа да проблемаларын шешу жөніндегі күш-жігері атап өтілді.

Әскери прокурорлардың заңдылық үстемдігін және елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін айта отырып, әскери Заңтану жүйесін одан әрі жетілдіру туралы пікір алмасу жүргізілді.

Бас әскери прокуратура өкілдері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Ұлттық ұлан Әскери институтының ғылыми қызметкерлері баяндама жасады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша одан әрі сындарлы диалог жүргізу, құқықтық реттеудегі өзгерістерді талдау, әскери әділет органдарының қызметін дамыту және жетілдіру үрдістерін болжау туралы шешім қабылданды.

Соңында Дастан Секенов іс-шараға қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен және келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтады.