Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесі өтті

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесі өтті

2021 жылғы 24 қараша, Нұр-сұлтан.
Кеше Бас әскери прокурор Дастан Сартаевтың төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Оның жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, әскери құқық қорғау және арнайы органдардың, құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Әскери басқармасының басшылығы, Бас әскери прокуратураның жеке құрамы қатысты.
Отырыста "армияда қылмысқа орын жоқ" алдын алу бағдарламасын іске асыру, әскерлердегі тәрбие және идеологиялық жұмыстар мәселелері қаралды, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған міндеттері айқындалды.
Отырысты ашқан Дастан Сартаев Бағдарламаның іс-шаралары қылмыстың, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстардың, жол-көлік оқиғаларының, бұзақылықтың төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Алайда, бағдарламаны іске асырудың тиімділігіне әскери ұжымдарда толыққанды алдын алу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіретін пандемия мен карантиндік шаралар әсер етті.
Осыны ескере отырып, әскерлердегі құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа 3 жылдық бағдарламасын қабылдауды ұсынды. Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелері бастаманы қолдады.
Кеңестің екінші бөлімінде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудағы проблемаларға, жеке құраммен жұмыс істеудің жаңа әдістерін пайдалану қажеттілігіне, талдауды күшейтуге, құқықтық базаны жетілдіруге және әскерге шақырылатын жастармен жұмыс жүргізуге баса назар аударылды.
Әскерлерде тәрбие жұмысының бірыңғай Тұжырымдамасын әзірлеу, тәрбие жұмысы процесіне басқа елдердің қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелері мен тәжірибесін енгізу, Интернет желісін пайдалану кезінде әскери қызметшілердің мінез-құлқының бірыңғай қағидаларын әзірлеу, әскери ардагерлердің әлеуетін белсенді пайдалану, әскери дәстүрлердің сабақтастығын қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.


Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі