Бас әскери прокуратура жыл қорытындысын шығарды

Бас әскери прокуратура жыл қорытындысын шығарды

Бас әскери прокуратурада 2021 жылдың қорытындысы шығарылды.
Алқа жұмысына әскери прокуратура органдарының жеке құрамы қатысты.
Бас әскери прокурор генерал-лейтенант Дастан Сартаев армиядағы жекелеген қылмыстардың (бұзақылық, парақорлық, тонау және т.б.) оң төмендегенін атап өтті.
Әскери прокурорлардың медициналық сақтандыру алу кезінде мыңнан астам әскери қызметшілердің және оқу үшін 180 миллион теңгені артық төлеген әскери кафедралардың мыңға жуық студенттерінің құқықтарын қорғау, 4 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы бойынша 357 миллион теңгеге берешекті өтеу, сондай-ақ 460 әскери зейнеткердің тұрғын үй құқықтарын іске асыру бойынша жұмысы оң бағаланды.
Алдағы кезеңде әскери прокурорлардың алдына әскери қолбасшылықпен бірлесіп профилактикалық жұмысты күшейту, "нөлдік төзімділік" қағидатын қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, алдын ала тергеудің және соттарға қатысудың сапасын арттыру жөніндегі міндеттер қойылды.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында басты назар қару-жарақ пен оқ-дәрілер айналымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оларды сақтау шарттарын сақтауға, болжамдық-талдау жұмысына, шешімдер қабылдау кезіндегі принциптілікке аударылды.


Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі