Бас әскери прокуратураның өкілдері бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша отырысқа қатысты

Бас әскери прокуратураның өкілдері бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша  отырысқа қатысты

Қорғаныс министрлігінің алаңында ұйымдастырылған кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қаржы, Әділет министрліктерінің, Жоғарғы Соттың, Бас әскери прокуратураның, "Қарулы Күштер ардагерлері одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері және әскери зейнеткерлер қатысты.
Талқылауға шығарылған негізгі мәселе-жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үйлерде тұратын әскери зейнеткерлердің еңбек сіңірген жылдары 10 және одан да көп, бірақ күнтізбелік есеппен 20 жылдан аз біржолғы тұрғын үй төлемдерін алуы.
Бүгінгі таңда мұндай құқықты 20 жылдан астам еңбек сіңірген әскери қызметшілер ғана пайдаланады.
Әскери зейнеткерлердің жоғарыда аталған санаты орналасқан пәтерлерін Қорғаныс министрлігінің қорынан жекешелендіруге жататын басқа тұрғын үйге ауыстыруға құқылы.
Бұл мүмкіндікті 370-тен астам әскери зейнеткер пайдаланды.
Бірақ бәрі бірдей айырбастауға келіспейді және тұрғын үйдің орнына ақшалай төлемдер алуға бастамашы болады.
Бас әскери прокуратураның өкілі әділет подполковнигі Е.Қ. Қожа-Ахмет тұрғын үй заңнамасының мұндай құқық беретін норманың жоқтығы туралы нормаларын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу қорытындысы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді барлық мүдделі мемлекеттік органдардың келісуіне шығару туралы шешім қабылданды.