Бас әскери прокуратураның өкілі "Тіл шебері-2021" байқауында 1-ші орынға ие болды

Бас әскери прокуратураның өкілі "Тіл шебері-2021" байқауында 1-ші орынға ие болды
Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тіл шебері-2021" 
байқауының қорытындысы шығарылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау,
тіл мәдениетін қолдау және арттыру, үш тілділікті насихаттау. Конкурсқа қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен 20 кандидат іріктеліп алынды, онда Бас әскери
прокуратураның өкілі - Бас әскери прокурордың аға көмекшісі әділет подполковнигі Е.Е. Қожа-Ахмет
барлық 3 тілді жетік меңгергенін көрсетті және комиссияның шешімімен 1-ші орынға ие болды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың аға көмекшісі әділет кеңесшісі Д. Д. Айтмағанбетов
"Конкурстың Бас жүлдесін" жеңіп алып, республикалық конкурсқа қатысу үшін жолдама алды.