Бірлік және ынтымақтастық аллеясы

Бірлік және ынтымақтастық аллеясы

Әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж аумағында аллея ашылды, онда 30 түп көшет отырғызылды.

 

Ынтымақтастықты, бірлікті, патриотизмді, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған акцияға Бас әскери прокуратура мен Ақмола гарнизоны әскери прокуратураларының ұжымдары қатысты.

Аллея білім алушылар үшін жайлы бұрыш қана емес, оның негізгі мақсаты – тарихи. Әрбір курсант бұл жердің әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосатындардың құрметіне құрылғанын, өз елі мен қоғамының игілігі үшін қызметін жалғастыратынын білетін болады.

Жыл сайын мұнда әскери прокуратура органдарының құрылған күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.