Әскери прокурорды тағайындау туралы

Әскери прокурорды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет майоры Берік Болатбекұлы Қайбұлдаев Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры қызметіне тағайындалды.

Берік Қайбұлдаев 1984 жылы Тараз қаласында дүниеге келген, 2007 жылы  Д. Қонаев атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Ол өзінің еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы прокуратурасында түзету мекемелеріндегі қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурордың көмекшісі ретінде бастап, кейіннен сол облыста әртүрлі лауазымдарда қызметін жалғастырған.

2018 жылдан бастап әскери прокуратурада қызмет атқарады, оның соңғы қызметі ­- Оңтүстік аймағы әскери прокурорының орынбасары.