әскери прокурорды тағайындау туралы

әскери прокурорды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың бұйрығымен Сарыағаш гарнизоны әскери прокурорының лауазымына әділет подполковнигі Мәди Мейірханұлы Әбдірахманов тағайындалды.

Мәди Әбдірахманов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген, Қазақстандық экономика және құқық институты құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы сот жүйесінде бастады.

2001 жылдан бастап Алматы және Шымкент гарнизондарының әскери прокуратураларында, Бас әскери прокуратурада әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.

2019 жылдың ақпанынан бастап Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары болды.