Бас әскери прокуратурада 1-ші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Бас әскери прокуратурада 1-ші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Алқа отырысына Бас әскери прокуратураның жеке құрамы, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде аймақтар мен гарнизондардың әскери прокурорлары қатысты.

Бас әскери прокурор генерал-лейтенант Дастан Сартаев әскерде өз-өзіне қол жұмсау, бұзақылық және сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ меншікке қарсы қылмыстың жекелеген түрлері (тонау және ұрлық) төмендеуінің динамикасын атап өтті.

Әскери прокурорлардың азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысы оң бағаланды, оның ішінде «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-нің 3,8 мың қызметкерінің және «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ-ның 154 қызметкерінің алдында жалақы бойынша 357 млн. теңгеге борыштардың өтелуі жауап қайтару шаралары бойынша жүргізілді.

Алдағы кезеңде Жоғарғы Бас Қолбасшы мен Бас прокуратураның тапсырмаларын мүлтіксіз орындау, «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету және «әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын одан әрі іске асыру жөніндегі міндеттер болып айқындалды.

Қылмыстық процесте үш буынды модел енгізу жағдайында қадағалау сапасын және азаматтар мен бизнесті қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікті арттыруға.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлардың күш-жігерін қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген қаражатты жұмсау кезінде ұрлықтың ірі сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға және жолын кесуге, прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде принциптілікке бағыттау тапсырылды.

Сондай-ақ, әскери мүліктің, оның ішінде қару мен оқ-дәрілердің сақталуын және оларды кәдеге жаратуды қадағалауды жандандыру, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру қажеттігі атап өтілді.