
Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас Прокуроры Юрий Александрович Хитриннің туғанына 80 жыл толуына орай прокуратура органдарының қызметкерлері оның рухына тағзым етті.
Ю.А. Хитриннің қабірі басында құрметті қарауылдың қатысуымен гүл қою рәсімі өтті.
Юрий Александрович тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның жоғары кәсібилігі, принципшілдігі мен өз ісіне адалдығы отандық прокуратура тарихында өшпес із қалдырды.
Бұл рәсім Ю.А. Хитриннің еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі әрі кәсіби өмірін Заңға қызмет етуге арнаған азаматтың есімін ұлықтап, рухани мұрасын сақтаудың айғағы болды.
Бас әскери прокуратура