
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын сақтауды қадағалау аясында әскери прокуратура органдары қорғаныс-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қызметіндегі проблемаларды кешенді түрде зерделеуде.
Бас әскери прокуратураның бастамасымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушылар өкілдері қатысуымен жұмыс кездесу өтті.
Өндірістік қуаттарды жаңғырту, ресурстық қамтамасыз ету және өндірісті жергіліктендіру мәселелері талқыланды.
Проблемалық сұрақтар жекелеген бағыттар мен кейстер бойынша бөлініп, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп әрі қарай пысықтау үшін бақылауға алынды.
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын тиімді орындау, саланың тұрақты дамуын, рәсімдердің заңдылығын қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.
Бас әскери прокуратура