Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тиімділігін арттыру және процестік мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тиімділігін арттыру және процестік мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Бас әскери прокуратурада кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда қылмыстық қудалау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін сақтау мәселелері қаралды.

Алқа жұмысына әскери-тергеу органдары мен әскери полицияның басшылары, бейнеконференцбайланыс режимінде аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, сондай-ақ әскери қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері қатысты.

Бас әскери прокурор Дастан Секенов отырысты бастап, процестік мерзімдерді сақтау заңның негізгі талабы, азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі және тергеу жұмысының тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша істерді тергеп-тексерудің жеделдігі мен қарқындылығын арттыруға, сараптамалық зерттеулерді уақтылы тағайындамау фактілерін болдырмауға, сондай-ақ ведомстволық бақылауды күшейтуге бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді.

Әскери прокуратура органдары тергеушілер мен анықтаушылардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жалғастырады.

 

Бас әскери прокуратура