Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру және 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Іс-шара Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевтің төрағалығымен, гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығының қатысуымен өтті.
Қатысушыларға мемлекеттің конституциялық негіздерін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға және мемлекеттік институттардың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары жеткізілді.
Кездесу барысында Мақсат Қазиев Конституция жобасы туралы жеке құрамды кеңінен ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтіп, оның мазмұнын әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне және азаматтық персоналға түсінікті түрде жеткізу қажеттігіне ерекше тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу кезінде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын одан әрі жүргізу мен заңдылықты қамтамасыз ету бағыттары айқындалды.
Бас әскери прокуратура