Бас әскери прокуратураның құқық қорғау қызметі аясында әскери қызметшілерді өз құқықтарын қорғау үшін сот органдарына жүгінуге мәжбүр еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша жұмыс жүргізілді.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, әскери қызметшілердің әкімшілік, әскери және экономикалық соттарға жүгінуіне себеп болған факторлар – әскери ведомстволардың лауазымды тұлғаларының тұрғын үй және еңбек заңнамасын дұрыс қолданбауы, қалыптасқан сот тәжірибесін елемеуі.
Талдау нәтижесінде орталық әскери ведомстволарға қадағалау актілері енгізіліп, 30-дан астам лауазымды тұлға, оның ішінде 20-дан астам басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әскери қызметшілерге құқықтық көмек көрсету сапасын және жеделдігін арттыру, олардың әлеуметтік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қадағалау органы әскери заңгерлерге арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Қабылданған шаралар әскери қызметшілердің құқықтарын сотқа жүгінбестен қорғауды қамтамасыз етті.
Нәтижесінде азаматтық істердің саны 27%-ға, тұрғын үй даулары – 48%-ға, әкімшілік істер – 38%-ға азайды.
Медиация аясында шамамен 500 дауды реттеу жүзеге асырылды.
Әскери прокуратура органдары жүргізген, «тыңдайтын мемлекет» принципіне толық сәйкес келетін жұмыс әскери қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Бас әскери прокуратура