Пенитенциарлық мекемелерді күзету кезінде заңдылықты сақтау: Бас әскери прокуратура алқасының қорытындылары

Пенитенциарлық мекемелерді күзету кезінде заңдылықты сақтау: Бас әскери прокуратура алқасының қорытындылары

Бас әскери прокурор Дастан Секеновтың төрағалығымен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету, сотталғандардың тәртібін бақылау барысында заңдылықты сақтау және мекемелерді инженерлік-техникалық күзету құралдарымен жабдықтау мәселелері бойынша алқаның кеңейтілген отырысы өтті.

Алқа жұмысына Бас прокуратураның, Қаржы және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, Ұлттық ұлан мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылары қатысты. Бейнеконференция байланысы арқылы аумақтық бөлімшелердің бастықтары, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қосылды.

Отырысты аша отырып, Дастан Секенов қадағалау жұмыстарының нәтижелері мекемелерді күзету мен онда ұсталатын сотталғандардың тәртібін бақылау мәселелерінде ҚАЖК мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметін неғұрлым нақты реттеудің қажеттілігін көрсетіп отырғанын атап өтті.

Алқа қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және пенитенциарлық мекемелерде қызмет атқарудың тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ұсынылды.

Өткізу тәртібі мен тексеру іс-шараларына бақылауды күшейту, сондай-ақ заманауи бақылау және күзету техникалық құралдарын енгізу қажеттілігі атап өтілді.

Ұлттық ұлан бөлімшелері мен мекеме әкімшілігінің өзара іс-қимылының сапасы мен жеделдігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Аталған ведомстволарды қаржыландыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Әскери прокуратура органдары қабылданған шешімдердің орындалуына жүйелі қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталған және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзеткен кезде заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша жұмысты жалғастырады.

 

Бас әскери прокуратура