Бас әскери прокурордың Қостанай гарнизонына іссапарының қорытындылары

Бас әскери прокурордың Қостанай гарнизонына іссапарының қорытындылары

Қостанай гарнизонына іссапары барысында Бас әскери прокурор Дастан Секенов әскери бөлімдердің командалық құрамы мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңесті ашқан Бас әскери прокурор гарнизонның ерекшеліктерін ескере отырып, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында негізгі күш-жігерді жеке құрамның қаза табуы мен жарақаттануын, жол-көлік оқиғаларын және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауға, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ кеңес барысында Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің түзеу мекемелерін күзету мәселелері және тыйым салынған заттарды өткізу фактілерінің жолын кесу шаралары талқыланды.

Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша Шекара қызметі бөлімшелерінің қызметіне, оның ішінде заңсыз көші-қон мен есірткі трафигіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Гарнизонда Бас әскери прокуратура әскери ведомстволармен бірлесе әзірлеген «Әскердегі заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» бағдарламаларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар белгіленді.

Кеңес аяқталғаннан кейін Дастан Секенов республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қостанай облысы прокуратурасының аумағында ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты.

Бас әскери прокуратура әскерде заңдылықты қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті нығайту бойынша жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырады.

 

Бас әскери прокуратура